13 желтоқсан 2015 | 12:47

Ғалымдар Жердегі тәулік ұзақтығының артатынын болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eco-turizm.net © eco-turizm.net

АҚШ, Канада мен Францияның геофизиктері Жер бетіндегі тәуліктің ұзақтығы артады деген болжам жасады, - деп хабарлайды Lenta.Ru. Ғалымдар зерттеу нәтижелерін Science Advances журналына жариялады.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ, Канада мен Францияның геофизиктері Жер бетіндегі тәуліктің ұзақтығы артады деген болжам жасады, - деп хабарлайды Lenta.Ru. Ғалымдар зерттеу нәтижелерін Science Advances журналына жариялады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, XXI ғасыр бойы күн сайын әр тәуліктің ұзақтығы ең кемі бес миллисекундқа ұзарып отырады, ал Жердің солтүстік полюстен өз осін айналуы алдағы жүз жылда бір сантиметрге жылжиды. Ғалымдар мұндай тұжырымға Жердегі мұздықтардың еру қарқынын талдағаннан кейін келді. Ол солтүстік өңірлерден (әсіресе Гренландиядан) материялардың экваторға қарай қайта бөлінуіне әкеп соғады, соның салдарынан ғаламшардың өз осін айналуы бәсеңдейді.

Геофизиктер өз жұмыстарында 2002 жылы зерттеу жүргізген мұхиттанушы Вальтер Манктың мәліметтерін нақтылай түсті, ол Жер бетіндегі жаһандық жылынудың салдарынан еріп жатқан мұздықтардың Жердің өз осін айналуына қалай әсер ететініне арналған. Айта кетейік, ол кезде Манк ешқандай әсері жоқ деп топшылаған, алайда геофизиктер өз зерттеулері арқылы ол нәтиженің ХХ ғасырдағы теңіз деңгейінің көтерілуіне дұрыс баға берілмеумен байланысты екенін анықтады (1-1,5 миллиметрдің орнына 2 миллиметр).

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети