28 қараша 2016 10:32

Ғалымдар Жердегі тіршіліктің неден жойылатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© RSUTE.RU © RSUTE.RU

Жерасты мұхиттардың кеуіп кетуі ғаламшарымыздың бетіндегі тіршілікті жоюы мүмкін. Остиндегі Техас университетінің сарапшылары егжей-тегжейлі зерттеу жасап, осындай шешімге келді, - деп хабарлайды "Федеральное агентство новостей" сайты. 


Жерасты мұхиттардың кеуіп кетуі ғаламшарымыздың бетіндегі тіршілікті жоюы мүмкін. Остиндегі Техас университетінің сарапшылары егжей-тегжейлі зерттеу жасап, осындай шешімге келді, - деп хабарлайды "Федеральное агентство новостей" сайты. 

Америкалық мамандардың мәліметіне сәйкес, олар бірнеше жыл бойы Әлемдік мұхиттардағы су деңгейінің біртіндеп төмендеп бара жатқанын тіркеуге алып отыр. Жердің гранитті қабатының астында жатқан жерасты мұхиттары аталып кеткен сулар да қауіпті жағдайда. Адамзат тіршілігінің салдарынан су қоймаларындағы су деңгейі апат жағдайына дейін алдағы 100 жылда-ақ түсіп кетеді деп болжанып отыр. 

Мұның алдында метеорологтар Жер шарының солтүстік бөлігіндегі мұздардың еру жылдамдығы артып бара жатқандығын айтқан болатын. Мамандар Данияның метеорологиялық институтының мәліметтерін сараптаған. Оның қорытындысы бойынша, соңғы айда мұз шыңындағы ауа температурасы әдеттегіден 9-12 градусқа көтерілген. Кейде температура нөл градусқа дейін жылынып, осы уақытқа сай келетін нормадан 20 градусқа жоғарылап, рекорд деңгейіне жетеді. 

Айта кетейік, әдетте қараша - мұздың жаздан кейінгі қату кезеңі. 2016 жылы мұз мүлде қатпаған. Қыркүйек айында арктикалық мұз қабаты көлемі рекорд орнатты: оның деңгейі 4,14 миллион шаршы метрге кеміген. Сарапшылар бұған адамдардың кінәлі екенін айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети