03 мамыр 2017 | 09:44

Ғалымдар жойқын жер сілкінісі қайда болуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония жер сілкінісінен кейін. © The Asabi Shimbun Жапония жер сілкінісінен кейін. © The Asabi Shimbun

Халықаралық сейсмологтар командасы таяудағы он жылда қай ғаламшарда ең ірі жер сілкіністерінің бірі болуы мүмкін екенін айтты. Зерттеушілердің айтуынша, жойқын жер сілкінісі Чили астанасы Сантьягода болуы мүмкін. Олар жер сілкінісінің магнитудасы 8,3-ке тең болатынын айтады. Бұл туралы Naked-Science басылымы жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық сейсмологтар командасы таяудағы он жылда қай ғаламшарда ең ірі жер сілкіністерінің бірі болуы мүмкін екенін айтты. Зерттеушілердің айтуынша, жойқын жер сілкінісі Чили астанасы Сантьягода болуы мүмкін. Олар жер сілкінісінің магнитудасы 8,3-ке тең болатынын айтады. Бұл туралы Naked-Science басылымы жазды.

Сондай-ақ, ғалымдар табиғи құбылысқа Наска мұхит тақтасының Оңтүстік Америкалық тақтаға жақындауы себеп болатынын айтып отыр. "Бұл процесс жыл сайын шамамен сегіз сантиметр жылдамдықпен жүреді, бірақ ол процесс Сантьяго аумағында тоқтап қалады", - делінген мақалада.

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінің эпицентрі Вальпараисо қаласында болады. Ол Чили астанасынан 100 шақырым жерде орналасқан. Осылайша, биыл жер сілкінісінң болу ықтималдығы шамамен 3 пайызға бағаланып отыр, бұл әдеттегі нормадан 2-3 есе көп екен. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, табиғи құбылыстың болу қаупі жыл сайын көбейеді.

Айта кетейік, осыған дейін Чилиде адамзат тарихындағы жойқын жер сілкінісі болған еді. Онда 1960 жылы Сантьягодан 570 шақырым жерде магнитудасы 9,5-ке тең жер сілкінісі болды.

Басылымның мәліметінше, 2015 жылдың қыркүйегінде Чилидің Ильяпель қаласында магнитудасы 8,3 балл болатын жер сілкінісі болған. 1880 және 1943 жылдары да осы аумақта магнитудасы 8 балл жер сілкінісі болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети