20 тамыз 2018 09:32

Ғалымдар қара түсті саркофагтан табылған адамның кім екенін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Egyptian Ministry of Antiquitie © Egyptian Ministry of Antiquitie

Биыл шілде айында Мысырдың Александрия қаласында тереңдігі 5 метрге дейін жететін қазба жұмыстары барысында қара граниттен жасалған, жасы шамамен 2 мың жылдан асқан алып саркофаг табылды.


Биыл шілде айында Мысырдың Александрия қаласында тереңдігі 5 метрге дейін жететін қазба жұмыстары барысында қара граниттен жасалған, жасы шамамен 2 мың жылдан асқан алып саркофаг табылды.

Ғалымдар екі апта өткен соң 30 тонналық саркофагты ашып, ішінен адамның үш қаңқасын тапқан.

Мысырдағы көне заттар ісімен айналысатын Жоғарғы кеңестің бас хатшысы Мостафа Вазири табылған мумиялардың ешқандай да патша немесе ақсүйек римдіктерге тиесілі емес екенін мәлімдеген.

Алдын ала зерттеуге қарағанда, саркофагта көмілгендер әскерилер болуы мүмкін.

Бірақ Вести.Ru мәліметінше, алғашқы зертханалық зерттеулер үшінші мумияның әйел адамға тиесілі екенін көрсеткен. Бұл зерттеуді биоархеолог Зейнаб Хашиш жүргізіп жатыр екен.

Ғалымдар мен мамандардың сөзіне қарағанда, бірінші қаңқа 20-25 жастағы және бойы 160-164 сантиметр болатын қыз балаға тиесілі, екіншісі бойы 160-165,5 сантиметр болатын 35-39 жастағы ер адамға тиесілі.

Ал үшінші қаңқаны зерттеу нәтижесі онда ер адамның көмілгенін анықтады. Бойы ұзын - 179-184,5 сантиметр, шамамен 40-44 жасында қайтыс болған ер адам. Оның қанқасынан диаметрі 17 миллиметр болатын жырық анықталған. "Оған хирургиялық ота жасалған болуы мүмкін", - деп болжады биоархеолог.



 

Енді ғалымдар мен мамандар компьютерлік томография жасап, генетикалық және изотоптық талдау жасап, ондағы адамдардың өліміне себебін анықтады. Сондай-ақ, саркофагты ашу кезінде сұйықтықтың қайдан пайда болғаны зерттелетіні айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети