Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғылым-Бiлiм

Ғалымдар қартаюдың алдын алудың жолын таптық деп жар салды 16 қазан 2017, 13:42

Құрттар мен сүтқоректілердің тіршілік ұзақтығына жауап беретін молекулалық механизм белгілі бір ақуыздар тобына байланысты. Бұл туралы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© Fotolia © Fotolia

Құрттар мен сүтқоректілердің тіршілік ұзақтығына жауап беретін молекулалық механизм белгілі бір ақуыздар тобына байланысты. Бұл туралы Кейс Вестерн Резерв Университеті ғалымдарының Nature Communications журналында жарияланған баяндамасында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдар зерттеу барысында гендердің белсенділігін реттейтін KLF ақуыздарының жоғарылауы не төмендеуінің Caenorhabditis elegans нематодтардың өмірін қаншалықты ұзартатыны немесе қысқартатынын анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, KLF ақуыздары төмендеген жағдайда жасушаларда уытты заттар жиналып, ол организмнің қартаюына әкеледі.

"Сондай-ақ, бұл ақуыздар қантамырдың фунциясын бір қалыпта сақтап тұру үшін маңызды. Ақуыз мөлшері төмендеген жағдайда адамда гипертония, жүрек-қан тамырларының ауруы және деменция пайда болуы мүмкін", - делінген ғалымдардың баяндамасында.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram