Ғалымдар коронавируспен тиімді күресуі мүмкін ферментті анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар коронавируспен тиімді күресуі мүмкін ферментті анықтады Фото: elements.envato.com

Ғалымдар коронавируспен тиімді күресуі мүмкін ферментті анықтады. Зерттеу жұмысы Advanced Materials журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар коронавируспен тиімді күресуі мүмкін ферментті анықтады. Зерттеу жұмысы Advanced Materials журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Сарапшылар ферменттің табиғи жолмен бөлінетінін айтады.

АҚШ пен Қытайдың халықаралық зерттеушілер тобы бірқатар тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде олар антиоксидант каталазаның ағзаға үш бағыт бойынша оң әсер етуі мүмкін екенін анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, каталаз макакалардың резустарында SARS-CoV-2 вирусының репликациясын басып, уытты әсерін тигізбеген. Сондай-ақ, фермент қабынуға қарсы әсер ететіні анықталған. Ол цитокин өндірісін реттей отырып, цитокиндік дауылдың және коронавирустың асқынуы болып саналатын қауіпті жүйелік қабынудың алдын алады.

Сонымен қатар, антиоксидант өкпедегі альвеолалардың ішкі бетін түзетін жасушаларды тотығу кезінде зақымданудан қорғауға көмектеседі.

Ғалымдар каталаза негізіндегі құралдың негізгі артықшылығы оны өндірудің қарапайымдығы және өндіру бағасының төмен екенін айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети