15 қыркүйек 2020 | 14:21

Ғалымдар коронавирусты жойып жіберетін құрал ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Питтсбург университетінің ғалымдары коронавирустың алдын алуға және емдеуге өте тиімді көмектесетін антидененің кішкентай бөлігін ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Питтсбург университетінің ғалымдары коронавирустың алдын алуға және емдеуге өте тиімді көмектесетін антидененің кішкентай бөлігін ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Зерттеу жұмысы Cell ғылыми журналында жарияланды.

Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусын толығымен бейтараптандыратын ең кішкентай биологиялық молекуланы анықтады. Антидененің бұл бөлігі толық өлшемді антиденеден 10 есе кішкентай. Ол Ab8 препаратын жасау барысында қолданылыпты.

Зерттеушілердің айтуынша, Ab8 тышқандар мен атжалмандарды (хомяк) SARS-CoV-2 вирусынан емдеу және алдын алу кезінде тиімді екенін көрсеткен. Оның өте кішкентай болуы вирусты жояды. Сондай-ақ, дәрінің балама нұсқаларын дайындауға атап айтқанда ингаляция арқылы енгізуге мүмкіндік береді.

"Ab8 препараты COVID-19-ды емдеуде потенциялы жоғары екенін көрсетті. Сондай-ақ, оны адамдар арасында SARS-CoV-2 инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін пайдалануға болады", - дейді зерттеуге қатысқан ғалымның бірі Джон Меллорс.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети