Ғалымдар коронавирустың келесі толқыны қашан болатынын болжады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Сиэттлдегі Фред Хатчинсон қатерлі ісікті зерттеу орталығының және Франциядағы Гренобль-Альпі Университетінің мамандары 2021 жылы пандемияның дамуын анықтауға мүмкіндік беретін болжамды модель жасады. Зерттеу нәтижесі medRxiv серверінде жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сиэттлдегі Фред Хатчинсон қатерлі ісікті зерттеу орталығының және Франциядағы Гренобль-Альпі Университетінің мамандары 2021 жылы пандемияның дамуын анықтауға мүмкіндік беретін болжамды модель жасады. Зерттеу нәтижесі medRxiv серверінде жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдардың болжамы бойынша, пандемияның келесі толқыны жаз мезгілінің басында болады және ол жаңа, тез жұғатын SARS-CoV-2 вирусының штамымен байланысты, ал вакциналардың тиімділігі - негізгі фактор.

Болжам авторларының сөзінше, SARS-CoV-2 жақсы зерттелгеніне қарамастан, жаңа штамдардың жұқпалығын әртүрлі бағалау және оларға қарсы вакциналардың тиімділігі бойынша деректердің болмауына байланысты алдағы толқындардың мерзімі мен қарқыны қандай болары белгісіз.

Соған қарамастан, модельдеу нәтижелері барлық сценарийде адам өлімін едәуір төмендететін негізгі фактор вакцинация және оқшаулау режимін ертерек енгізу екенін көрсетті.

Ғалымдар вакцинацияны қолдану кезінде туындайтын қиындықтарды бөлек талдады. Сынақ аймағы ретінде олар Вашингтон штатының Кинг округін алып, түрлі сценарийді модельдеді, мысалы халықтың вакцинация деңгейі, вакциналардың тиімділігі және оқшаулау шараларын енгізу және жеңілдету үшін шекті мәндер.

Негізгі міндет айнымалылардың қайсы инфекция мен өлім деңгейіне айтарлықтай әсер ететінін анықтау және оқшаулаудың оңтайлы уақытын есептеу болды. Зерттеушілер олардың моделі басқа штаттарда немесе ауру деңгейі төмен немесе жоғары аймақтарда және әртүрлі вакцинация бағдарламаларында жұмыс істейтінін атап өтті.

Барлық сценарийге сәйкес, жаздың басында вирустың жаңа, жұқпалы түрлері басым болады. Сонымен қатар, өлім-жітім, ауруханаға жатқызу және жағдайлардың жалпы саны былтырмен салыстырғанда төмен болады (билік уақытында шектеу енгізген жағдайда).

Мәселе халықтың вакцинация деңгейіне және вакциналардың тиімділігіне байланысты болады.

"Вакциналардың жаңа, жұқпалы нұсқаларға қарсы жоғары тиімділігі, атап айтқанда, симптомдардың алдын-алудың орнына, олардың үздіксіз берілуіне тосқауыл қою мүмкіндігі мыңдаған инфекцияның алдын алып, жүздеген адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін", - дейді зерттеушілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro