Ғалымдар парацетамолдың қаупі туралы ескертті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар парацетамолдың қаупі туралы ескертті Иллюстрация: pixabay

Эдинбург университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, парацетамолды ұзақ уақыт қолдану қан қысымы жоғары науқастарда жүрек ауруы мен инсульт ықтималдығын арттыратынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эдинбург университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, парацетамолды ұзақ уақыт қолдану қан қысымы жоғары науқастарда жүрек ауруы мен инсульт ықтималдығын арттыратынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Зерттеуге қан қысымы жоғары 110 ерікті қатысқан. Екі апта бойы олардың кейбіреуі күніне төрт рет парацетамол қабылдаған, ал басқалары - плацебо.

Сонымен қатар, олардың үштен екісі гипертонияға қарсы препараттарды қоса ішкен. Нәтижесінде, орташа есеппен зерттеуге қатысушылардың қан қысымы жоғарылағаны анықталған.

Сарапшылар пікірінше, парацетамолды үнемі қолдану жүрек ауруы немесе инсульт қаупін шамамен 20 пайызға арттырады деуге болады. Адамдар препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін олардың қан қысымы бастапқы деңгейге оралған.

Бұрын парацетамолды қабылдау бауыр ауруын күшейтуі, аллергия, қышу, ісіну немесе қабыршақтанған тері бөртпесі түрінде аллергиялық реакция тудыруы мүмкін екені белгілі болған.

Парацетамол, сондай-ақ ацетаминофен ретінде белгілі. Препарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маңызды дәрілік заттар тізіміне енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети