Ғалымдар дежавю құбылысының неліктен болатынын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар дежавю құбылысының неліктен болатынын анықтады © nnm.me

Нейробиологтар алғаш рет психологиялық дежавю күйінің, яғни осыған дейін бұл жағдайда болған не көрген сияқты сезімдердің неліктен пайда болатынын анықтады, - деп жазады New Scientist.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нейробиологтар алғаш рет психологиялық дежавю күйінің, яғни осыған дейін бұл жағдайда болған не көрген сияқты сезімдердің неліктен пайда болатынын анықтады, - деп жазады New Scientist.

Ғалымдардың нұсқаларының бірінде бұл күйге түскен адамның миына жалған ақпараттар келуі мүмкін екендігі айтылады. Алайда Сент-Эндрюсский университетіндегі Акира О'Коннор бастаған ғалымдар дежавюға қатысты басқа пікір білдірді. Олар басқа ғалымдармен біріге отырып, зертхана ішінде адамды жасанды түрде дежавю күйіне түсіре алды.

Мамандар адамдарда жалған ақпаратты еске түсіру үшін арнайы тәсілді қолданыпты. Олар адамға кереует, жастық, түн сияқты мағыналас сөздерді айтып, бірақ оларды байланыстыратын "ұйқы" деген сөзді айтпаған. Ең қызығы, адамдар айтылған сөздерді естеріне түсіріп жатқан кезде, қалып кеткен сөздерді өздері қосып айтқан.

О'Коннордың командасы дежавюдің қалпына түсуі үшін науқастардан олардың "С" әрпінен басталатын қандай да бір сөзді естіді ме, жоқ па деген сұрақ қойған. Содан олардың барлығы "жоқ" деп жауап беріпті. Алайда оларға "ұйқы" деген сөзді айтқанда, олардың барлығы дежавю болғанын айтқан. Ал магнитрезонанстық томография кезінде ғалымдар ол уақытта адамдардың миындағы шешім қабылдайтын қабықтың жұмыс істегенін анықтады. Ғалымдардың айтуынша, зерттеудің мұндай нәтижелері дежавюдың адамның есте сақтау қабілетін тексеруде жақсы жұмыс істейтінін көрсетеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети