Ғалымдар кемпірқосақтың 12 түрін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар кемпірқосақтың 12 түрін анықтады

Француз метеорологтары кемпірқосақты жіктеудің жаңа жүйесін ұсынды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мамандардың пікірінше, жаңадан анықталған 12 түр арқылы адамдар кемпірқосақтың қандай атмосфералық жағдайда пайда болғанын біле алады.

Кемпірқосақтарды жіктеу үшін мамандар жүздеген сурет жинап, оларды негізгі алты түстің анықтығына байланысты 12 топқа бөлген. Мысалы, бір кемпірқосақта жасыл түс көрінбесе, келесісінде көк және сиякөк түстері байқалмайды. 

Мамандардың айтуынша, жүйенің қарапайымдылығы соншалық, кез келген адам кемпірқосаққа қарап, аспанда не болып жатқанын біле алады. Мысалы, тұманды қызыл кемпірқосақ күн шыққан кезде және таң атқан кезде жаңбыр тамшысынан пайда болады.

Сонымен қатар, мамандар кемпірқосақты зерттеу жерден басқа ғаламшарлардағы тіршілікті анықтауға мүмкіндік беретінін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети