Ғалымдар таңғы астың балалардың оқу үлгеріміне қалай әсер ететінін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар таңғы астың балалардың оқу үлгеріміне қалай әсер ететінін анықтады © Тұрар Қазанғапов

Ұлыбритания ғалымдары таңғы астың балалардың оқу үлгеріміне қалай әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания ғалымдары таңғы астың балалардың оқу үлгеріміне қалай әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Зерттеу авторлары жұмыстарының қорытындысын Public Health Nutrition журналына жариялады. Диетологтардың сөзіне қарағанда, таңғы ас ішу балалардың оқу үлгеріміне оң ықпал етеді.

"Ғалымдар ұлыбританиялық жүз мектептің 9-11 жас аралығындағы 5 мың оқушысы арасында сауалнама жүргізді. Зерттеу барысында балалардың тамақтану тәртібінің ерекшеліктері мен қолданылатын азық-түлік түрлері (ас мәзірі) анықталды. Бұл мағлұматтарды жинаған ғалымдар, 6-дан 18 айға дейін балалардың оқу үлгерімін бақылады", - делінген жарияланымда. 

Зерттеу нәтижелеріне сенсек, таңғы ас ішкен балалардың оқу үлгерімі өзгелердікінен екі есе жақсы болады. Сонымен қатар, сарапшылар таңғы астың сапасына да мән берді, сапасыз, яғни тәттілер мен чипстер жеген балалардың оқу үлгерімі жақсы көрсеткіш көрсетпеді. Ал оқушылардың әрбір бесіншісі тап осы өнімдерді таңғы асқа жеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети