Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің тағы бір әдісін ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің тағы бір әдісін ашты © nahnews.org

Үлкен үйір мен әлеуметтік қатынастардың беріктігі приматтардың өмірін ұзартады екен. Эксетер университетінің ғалымдары Пуэрто-Рикода 21 жыл бойы мыңдаған макаканы зерттей келе осындай тоқтамға келді. Зерттеу Phys.org сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Lenta.ru. Зерттеу қорытындысы бойынша ғалымдар бұл адамдарға да қатысты деген тұжырым жасап отыр. 

Әлеуметтік байланыс көрсеткіші ретінде ғалымдар туыстардың аз-көптігін алған. Әрбір туысқан алдағы жылда өлім қаупін 2,3 пайызға төмендетіп отырған. 

Алайда бұл байланыс қартайған ұрғашы маймылдарда байқалмаған. Ғалымдардың пайымынша, бұл жас және кәрі маймылдардың әдеттеріне байланысты. Осылайша маймылдар әдетте үйірдегі белгілі бір орын үшін агрессия танытады, бұл өзгелердің оған қамқорлық білдіріп отыруы үшін қажет, мәселен, денесіндегі паразиттерді тазалап береді. Ал кәрі макакалар әлеуметтік байланыс орнатуда тым талғамшыл болып шықты. Осыдан туыстары көп болғанмен, олардың бәрін өзіне жолата бермейді. 

Ғалымдар зерттеу арқылы ежелгі адамдар бір-бірімен қандай қатынаста болғанын анықтауға көмектеседі деген ойда. Әлеуметтік байланыстар ұзақ өмір сүруге септесетіндіктен алғашқы қауымдар пайда бола бастаған деген пікір бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети