Геологиялық зерттеулер Астанада жүргізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геологиялық зерттеулер Астанада жүргізіледі Фото dailynews.kz сайтынан

Бүгін елордада "Қазгеология" АҚ-сы мен Назарбаев университеті арасында Геологиялық зерттеу орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аталған университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған құжаттың аясында Геологиялық зерттеу орталығы құрылып, геологиялық, геохимиялық, минералогиялық, сондай-ақ ғылыми-өндірістік жұмыстарды атқару жоспарланған. Мұнда Қазақстанның пайдалы қазба байлықтары, жерасты сулары, минералды және көмірсутек шикізат қорына түбегейлі зерттеулер жүргізіледі. Орталық алыс және жақын шет елдерге де қызмет көрсетеді деген жоспар бар. Қазіргі кезде Назарбаев университеті пайдалы қазба байлықтарын анықтау мақсатында Қазақстанның жер қойнауын жан-жақты зерттеуге арналған кешенді бағдарламаны даярлап жатыр. Осы жұмыстың аясында нақты жобаларды іске асыру қарастырылған. Атап айтқанда, университет жанынан Жер ғылымдары институты мен Тау-кен ісі мектебін ашу жоспарланып отыр. Бұл бастама АҚШ-тың Колорадо Тау-кен мектебінің қатысуымен жүзеге аспақ. Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды көптеп тарту мәселесін жиі көтеріп тұрады. Ол үшін Қазақстанның геологиялық қызметін барынша дамытып, мұнай-газ бен тау-кен саласының жаңа кен орындарын ашу қажет. Осыған орай, Премьер-министр Серік Ахметов те "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясын күшейтіп, оған тиісті өкілеттілік беру мәселесін көтерген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети