Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ғұлама ойшыл мұрасы жастарға біраз ой салды

04 Наурыз 2014, 19:39
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінің ұйымдастыруымен студенттендерге арналған "ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап" жобасы аясында Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" кітабы талқыға салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шара барысында студенттер талқылауға белсенді қатысып қана қоймай, аса көрнекті ойшыл, ғалым, философ, һәм мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұнның өмірі мен шығармашылығы жайында сөз қозғап, оның ішінде "Құтты білік" дастанының мәні мен мазмұнына жан-жақты тоқталды",- деді Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Сабырхан Смағұлов.

Ол жиында сондай-ақ, Жүсіп Баласағұн шығармаларының қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың, ағартушы Ыбырай Алтынсаринның ой-толғамдарымен үндесетін тұстары да айтылып қалып жатты. Мәселен, филология факультетінің 1-курс студенті Бақтөреев Жанаманның "Ж. Баласағұнның ойы Абаймен үндесе ме?" деп аталатын баяндамасында тың деректер молынан келтірілді. Шығарманы талдау барысында, студенттер қауымы Жүсіп пен Абай еңбектерінде достық, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынас, ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұқсастықтың барын анықтады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай