16 мамыр 2014 | 22:23

IBM кездейсоқ аса берік полимер жасап шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©IBM ©IBM

IBM ғалымдары кездейсоқ өнідірстік полимерлердің жаңа түрін ойлап тапты, - деп хабарлайды "Вести.Ru". Материал тез бүлінбейтін аса төзімді, қайта қалпына келуі оңай әрі екінші рет өңдеуге жарамды.


Иконка комментария блок соц сети

IBM ғалымдары кездейсоқ өнідірстік полимерлердің жаңа түрін ойлап тапты, - деп хабарлайды "Вести.Ru". Материал тез бүлінбейтін аса төзімді, қайта қалпына келуі оңай әрі екінші рет өңдеуге жарамды.

Мамандар, бастапқыда қолданылу аймағына қарамастан құрамын алдын-ала жасауға болатын материал ойлап табуды көздеген. Компьютердің көмегімен ғалымдар жаңа материалдың гипотезалық үлгісін жасап алған. Ал, тәжірибеде олар бірегей полимерге қол жеткізді.

Цельсий шкаласы бойынша 250 градусқа дейін қыздырғанда материал өте берік болады, өйткені оның құрылымында ковалентті байланыстар жүзеге асады. Ол шытынап кетуге төзімді, мықты әрі жеңіл. Көміртекті наноталшықтармен біріге отырып, ол металға ұқсас композитті материалды түзеді. Соған қарамастан полимер шытынап кеткен жағдайда қайта қалпына келуге бейімді.

Сонымен қатар, жаңа полимерден майысқақ гель жасап шығаруға болады. Бұл гель қайта қалпына өте тез уақытта келе алатын мүмкіндікке ие. Ол төменгі температурада пайда болады. Оны екі бөлікке бөліп, бір-біріне қайта жақындатса, бірнеше секунд ішінде ол қайта қалпына келеді. "Жаңа инновациялық материал жаңа тауарлар мен озық технологияларды қолданудан болып жатқан жаһандық мәселелерді шешуге көмектесе алады. Қышқылдатылған суды пайдалану осы материалды қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Ал ол көлік өнеркәсібі мен электронды микросхемаларды дамытуға жаңа леп әкеледі" - деп қорытынды шығарды IBM мамандары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети