Илон Маск БҰҰ-дан соғыс роботтарын жасауға тыйым салуды сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Робокоп" фильмінен алынған кадр "Робокоп" фильмінен алынған кадр

26 мемлекеттің роботтехника мен жасанды интеллект саласының жетекші мамандары Біріккен Ұлттар Ұйымын автономды түрде ұшатын қаруды жасау мен қолдануға тыйым салуға шақырды, - деп хабарлайды The Guardian.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

26 мемлекеттің роботтехника мен жасанды интеллект саласының жетекші мамандары Біріккен Ұлттар Ұйымын автономды түрде ұшатын қаруды жасау мен қолдануға тыйым салуға шақырды, - деп хабарлайды The Guardian.

SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаған Илон Маск және DeepMind басшысы Мұстафа Сүлейман сияқты белгілі адамдар да қол қойған ашық хатта қару жасауда жарысу осы саладағы оқ-дәрі мен ядролық қару сияқты үшінші революцияға алып келетінін ескертеді. 

"Қаруланудың жаңа түрі диктаторлар мен террористердің қаруына айналуы мүмкін. Хакерлер оның бағдарламасын бұзып кіріп, кері мақсатта пайдалана алады", - делінген хабарламада. 

Адамның қатысынсыз соғыс әрекеттерін жүргізе беретін роботтехника туралы хат БҰҰ-ға Мельбурнда өткен конференция кезінде жолданған болатын. Жақында БҰҰ автономды ұшатын аппараттар, танкілер мен пулеметтерді жасап шығаруды ресми талқыға шығармақ. 

The Guardian мәліметі бойынша, автономды түрде ұшатын қару түрлері қазір де бар, мәселен, Samsung жасап шығарған SGR-A1 күзетшісі. Бұл техника адамның бұйырығын күтпесетен, өз бетімен оқ ата бере алады. Сонымен қатар, соғыс роботтарын жасау жұмыстары АҚШ пен Ресейде жүріп жатқан көрінеді. Соның ішінде танкілерді жоюға арналған "Уран-9" рототехникалық кешен туралы айтылады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer