Инновациялық бизнес-жоспар байқауында павлодарлық өнертапқыш жеңіске жетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото the3bottomlines.com сайтынан алынды Фото the3bottomlines.com сайтынан алынды

2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында өткізілген инновациялық бизнес-жоспар байқауында павлодарлық өнертапқыш жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында өткізілген инновациялық бизнес-жоспар байқауында павлодарлық өнертапқыш жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жүлде қоры 7,5 миллион теңгеге пара-пар ақшалай сыйлықты павлодарлық ғалым, жергілікті ПМУ-дің көлік техникасы және логистика кафедрасының профессоры Әбілхан Қарақаев иеленді. Байқауда ол көліктің жанармай жүретін жүйесінен шығатын улы газ мөлшерін анағұрлым азайтып шығаратын құрылғаны таныстырған. 

Қарақаев сыйлық ретінде алған ақшасын дизельді отынмен жүретін көліктердің двигательдерін одан әрі жетілдіруге жұмсайтынын, бұл ақшаның ойында жүрген жобаларын жүзеге асыруға толықтай жететінін айтқан. "Алайда мен болашақта зауыт салуды жоспарлап жүрмін. Ондай зауыт біздің елді айтпағанда, Орта Азия аумағында да жоқ. Бұл менің негізгі арманым", - деді өнертапқыш.

Екінші орын мен 2,5 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық байқауға Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысқан ОҚМУ-дің "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының доценті Нұрлыбай Манабаевқа агроөндіріс кешеніне қолдануға арналған көп функционалды ауылшаруашылығы машинасын ойлап тапқаны үшін берілді.

"Менің жобамның басты ерекшелігі - машинаны жасауға кететін қаржыны үнемдеумен қатар, жанар-жағармайды да үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер бұл жобам толықтай жүзеге асатын болса, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын Үндістан, Қытай, Ресей мен басқа да елдерге коммерциялық жоба ретінде ұсынуға болады", - деді Манабаев.

Сыйақы қоры 1 миллион теңгеге жететін үшінші орын  ерекше антивирус бағдарламасын жасап шығарған өскемендік жас өнертапқыш Сергей Алешинге бұйырды.

"Бүгінде Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам қолданушы тіркеліп отыр. Олардың 10 мыңы "AWS Core" антивирус бағдарламасын сатып алды. Біз енді ақпараттық қауіпсіздікке сертификат алуды жоспарлап отырмыз. Ол шамамен 1 миллион теңге тұрады. Маманданған тәуелсіз компания біздің өнімнің тұтынушылар үшін әрі пайдалы, әрі тиімді екенін дәлелдеп, тексеріс жүргізгенін қалаймыз", - деді Сергей Алешин.

2014 жылғы республикалық инновациялық бизнес-жоспар "NIF$50K" байқауына барлығы 576 өтініш келіп түскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro