Иранда жасыл көл қызыл түске боялды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда жасыл көл қызыл түске боялды NASA жариялаған сурет

Иранның Урмия көлінің түсі кенеттен жасылдан қызылға өзгертті. NASA өкілдері су қоймасының суретін жариялады, онда көлдегі судың түсі кенеттен ауысқанын байқауға болады. Урмия түсін жыл сайын ауыстырады екен.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранның Урмия көлінің түсі кенеттен жасылдан қызылға өзгертті. NASA өкілдері су қоймасының суретін жариялады, онда көлдегі судың түсі кенеттен ауысқанын байқауға болады. Урмия түсін жыл сайын ауыстырады екен.

Көлдің түсінің ауысу себебі ондағы микроағзаларға байланысты. Әр көктемде су қоймасы (соңғы он жылда саязданып кеткен) таудан түсетін сумен толып отырады. Урмияда жаз кезінде судың деңгейі түсіп кетеді, сол себепті тұздың мөлшері артады.

Гидробиологтардың айтуынша, Урмияның қызыл түске боялу себебі онда дуаналиелла деген бір жасушалы балдырлар өмір сүреді. Басында олар жасыл болады, алайда тұздың мөлшері көбейген кезде қызыл түске боялады. Тағы бір нұсқа бойынша, көлдің түсінің өзгеруі ондағы қызыл ферменттер бөлетін галобактерияларға байланысты.

Ғалымдардың пайымдауынша, таяу жылдары ирандық өзен жасыл түске боялуын қояды және тарихта қызыл су қоймасы болып қалады. Бұл жыл сайын жаз мезгілінде құрғақшылықтың көп тұруынан көлге құятын сулардың азаюына байланысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети