Жалқау адамдардың IQ көрсеткіші жоғары - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалқау адамдардың IQ көрсеткіші жоғары - ғалымдар © istylmagazine.com

АҚШ-тағы Флорида университетінің зерттеушілері қызықты жаңалық ашты. Ғалымдар жалқаулықтың IQ деңгейі көрсеткішінің жоғары екенін көрсететінін анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости The Independent басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тағы Флорида университетінің зерттеушілері қызықты жаңалық ашты. Ғалымдар жалқаулықтың IQ деңгейі көрсеткішінің жоғары екенін көрсететінін анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости The Independent басылымына сілтеме жасап.

Ғылыми тәжірибе барысында бірнеше студенттен сауалнама алынды. Оларға қиын тапсырмаларды шешуге берілген нұсқалардың бірін таңдау ұсынылды. Сауалнаманың қорытындысына сәйкес, 60 адамнан тұратын зерттеу тобы құрылды. Олардың 30-ы белгілі бір тапсырмаларды орындау кезінде сол тапсырманың шешімін табу үшін жаңа әдістерді ойлап табудан рақаттанатынын айтса, қалған зерттеуге алынған 30 адам тек міндеттелген немесе қажетті болған жағдайда тапсырманы шешуге уақыт жұмсап, ойланатынын айтты.

Сонымен қатар, тәжірибе барысында 60 адамның белсенділігі қандай деңгейде екенін анықтау үшін оларға фитнес-білезіктер тағылды. Бұл тәжірибенің қорытындысы "тапсырманы шешуге ойланатын" адамдардың айтарлықтай аз қимыл жасайтынын, яғни олардың белсенділігі "тек қажет болған жағдайда тапсырманы шешуге уақыт бөлетін" адамдардың белсенділігіне қарағанда төмен екенін көрсетті.

Тәжірибе соңында ғалымдар көп ойланбайтын адамдардың тез зерігетінін және сондықтан олар бос уақыттарында физикалық белсенділік көрсетеді деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, ғалымдар IQ деңгейі көрсеткішінің жоғары болуы тек аз қимыл жасауға байланысты емес екенін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети