Жаңа ережелер - Қазақстанда жекеменшік балабақшаларға қатысты не өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа ережелер - Қазақстанда жекеменшік балабақшаларға қатысты не өзгереді? Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрлігі міндетті лицензиялау енгізілгеннен кейін жекеменшік балабақшалардың жаппай жабылуы мүмкін деген қауіпке қатысты түсініктеме берді. Лицензиялау 2027 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Tengri Education.


Оқу-ағарту министрлігі міндетті лицензиялау енгізілгеннен кейін жекеменшік балабақшалардың жаппай жабылуы мүмкін деген қауіпке қатысты түсініктеме берді. Лицензиялау 2027 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Tengri Education.

Мән-жайы

2027 жылдан бастап балабақшалар лицензия алуға тиіс. Бұл талап меншік нысанына қарамастан барлық балабақшаға қатысты болады. Ғимараттарға, педагогикалық құрамға, бағдарламаларға, материалдық-техникалық база мен инфрақұрылымға қойылатын талаптар бекітілді.

Бұған дейін 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енгені белгілі болды. Бұл тәртіп балаларға тамақтану, тұру, білім беру және сауықтыру қызметтерін көрсететін мекемелерді кенеттен тексеруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда қанша жекеменшік балабақша жұмыс істейді?

Оқу-ағарту министрлігі редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында қазіргі уақытта Қазақстанда 11 909 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейтінін, оның 6 526-сы жекеменшік екенін мәлімдеді. Сонымен қатар жекеменшік балабақшалардың басым көпшілігі қазіргі талаптарға сай келетін көрінеді.

"Мемлекеттік білім беру тапсырысы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың 96 пайызында орналастырылған. Бұл көрсеткіш жекеменшік балабақшалардың басым бөлігі мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережелерінің талаптарына сәйкестігін растайды", - деп хабарлады ведомство.

Министрлік лицензиялау кезінде қойылатын талаптар қолданыстағы нормаларды ескере отырып әзірленгенін атап өтті:

"Лицензиялау кезінде мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережелерінің талаптарын ескере отырып әзірленді".

Жекеменшік балабақшалар жабыла ма?

Ведомство қолда бар мәліметтер жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың жаппай жабылуы туралы болжамды растамайтынын атап өтті.

"Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың 96 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережелеріне сәйкес келетінін ескерсек, қолда бар статистикалық мәліметтер жекеменшік балабақшалардың 50 пайызына дейін жабылуы мүмкін деген болжамды растамайды", - делінген ресми жауапта.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, ықтимал тәуекелдер ұйымдардың тек аз ғана бөлігіне қатысты болуы мүмкін, яғни белгіленген талаптарға сай келмейтіндерге.

Лицензиялау қалай өтеді?

Сондай-ақ ведомство лицензиялауға көшу ұйымдардың дайындығын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын хабарлады.

Бұл ретте мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болға, антитеррорлық қорғанысты, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық базасы мен кадрлық құрамы болуға тиіс.

Балабақшалар жабылған жағдайда балалар қайда барады?

Министрлік мәліметінше, жекеменшік балабақшалар жабылған жағдайда балалардың қайда ауысатыны туралы мәселе әкімдіктердің құзыретіне жатады.

Сондай-ақ мемлекет мемлекеттік білім беру тапсырысы механизмі және осал санаттағы балаларға арналған әлеуметтік қолдау шаралары арқылы мектепке дейінгі білім беру жүйесін қолдауды жалғастырып жатқаны айтылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 460.37   537.26   5.89 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети