16 шілде 2016 14:07

Жаңа оқу жылынан бастап Шымкент мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gearmix.ru © gearmix.ru

Шымкент әкімі жаңа оқу жылынан бастап қала мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай ұсынысты қала басшысы әкімдіктің кезекті отырысында жариялады, онда кәмелет жасына толмағандардың құқықбұзушылық жасауының алдын алу мәселесі талқыланған болатын.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева осы мәселе төңірегінде мәлімдеме жасады. Қаланың бас оқытушысы осындай жағымсыз оқиғалардың болу себебіне мысал ретінде жасөспірімдердің ғаламторға еріксіз шыға алатын смартфондарды пайдалануын атап, ата-аналарға баласының бос уақытында немен айналысатындығына назар аударуды ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети