15 шілде 2019 | 16:44

Жатақхана мәселесі: 2022 жылдың соңына қарай 75 мың орын пайдалануға беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ernur.kz © Ernur.kz

Биыл жыл соңына дейін Білім беру мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Биыл жыл соңына дейін Білім беру мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның аясында үш ауысымдық мектептер мәселесі шешіледі. Барлығы 500 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде 100-ден аса жекеменшік мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу есебінен ашылады.

Сонымен қатар, МЖӘ механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақшалар ашылады. 2021 жылға қарай еліміздің мектептерінде, колледждерде, ЖОО-ларда жаңа оқыту бағдарламасына толық көшу қамтамасыз етіледі.

Бұл ретте шағын мектептерде білім беру сапасын күшейтуге, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы айырмашылықты азайтуға ерекше назар аударылатын болады.

Техникалық білім беруді экономиканың қажеттіліктеріне барынша бағдарлау үшін колледждер трансформациясы және оларды жұмыс берушілердің сенімді басқаруына беру басталды. 390 колледжде World Skills халықаралық стандарттары мен модульдік бағдарламалар енгізіледі. Сонымен қатар, нарықтағы сұранысқа орай қазіргі колледждер желісіне оңтайландыру және профильдендіру жүргізіледі.

Жатақханаларды орындармен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың соңына қарай 75 мың орын пайдалануға беріледі, биылдың өзінде 8 мың орын пайдалануға беріледі. 

Ғылым саласында оның тиімділігін арттыру үшін ғылымды қаржыландыру мен басқарудың жаңартылған мазмұны енгізіледі, бұл рәсімдердің ашықтығы мен бөлінетін қаражаттың тиімділігін қамтамасыз етеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети