1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғылым-Бiлiм

Жерорта теңізінен 2000 жыл бұрын суға кеткен алып кеме табылды26 маусым 2015, 17:37

© Вigmir.net © Вigmir.net

Италиялық сүңгуірлер Жерорта теңізінен 2000 жыл бұрын су астына батып кеткен кеме тапты, - деп хабарлайды Вigmir.net. Басылымның мәліметінше, кемеде қыштан күйдіріліп жасалынған жабынқыш материалдар болған.

Апат болған жер италиялық полицейлер мен археологтардың бірігіп қолға алған операциясы кезінде табылды. Археологтардың айтуынша, кеме мен ондағы жүк жақсы сақталған. Ауданы 2078 шаршы метр болатын кеме жабынқыш тақталарға толтырылыпты.

Мамандар кеме Испания немесе Сардинияның шығысына бет алған болуы мүмкін екенін айтты. Ондағы жүк шенеуніктер немесе саудагерлердің үйлерінің құрылысына арналған. Ғалымдар кеменің суға кету себебін ондағы жүктің тым көп болуымен байланыстырды.

Археологтар жүкті заңсыз иемденеді деген қауіппен полицейлер кеменің нақты қай жерден табылғанын айтпай отыр.