02 шілде 2019 | 10:46

Жетісайлық екі түлек ҰБТ-дан 139 балл жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 22 -26 маусым күндері аралығында үш  легте өкізілен тестілеуге 1701 түлек қатысқан болатын. Шәкіттердің ҰБТ-ға қатысу пайызы 67,7 пайыз болды, орташа балл - 79,7 пайызға жетті. 490 түлек 100-ден жоғары балл жинаса, ең жоғары балл 139 болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Иконка комментария блок соц сети

Нақтырақ айтсақ, №6 Б. Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының 2 түлегі Гүлжайна Бейсенбай мен Әсел Жүнісбекова ең жоғарғы 139 балл жинады. Бұдан бөлек, 151 шәкірт 120-дан жоғары,  339 оқушы 100-119 аралығында, 736 түлек 60 пен 99 аралығында балл жинаған. Нәтижесінде оқушылардың ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші 65,07 пайызды құрап, өткен жылға қарағанда 2,87 пайызға өскен.

Айта кетейік, жалпы биыл Жетісай ауданындағы 70 мектепті 2626  түлек бітірді. Олардың 1709-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірсе, 1701 талапкер қатысты. Ал 8 оқушы ҰБТ-ға қатысудан өз еркімен бас тартқан.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы  №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидасына  сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети