Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары адам ағзасында холестериннің шамадан тыс болуы ішекте қатерлі ісіктің пайда болу қаупін жүз есе арттыратынын айтады, - деп хабарлайды Science Alert ғылыми журналы.

Зерттеушілер зертханалық тышқандарды екі топқа бөліп, тәжірибе жүргізген. Бір топ тышқанға құрамында холестерині көп азық берген. Ал екінші топ тышқандарының Lpcat3 ферментін "істен шығарған" - оның жұмысын тоқтату холестерин деңгейінің көтерілуіне әкеледі.
Зерттеу кезінде тышқандардың барлығында тін жасушаларынының белсенді бөлінуі байқалған. Ал оның салдарынан ішектердің тіндері өсіп, ішектің өзі ұзарған. Мұның бәрі тоқ ішекте қатерлі ісіктің жылдам пайда болуына әсер еткен.
"Холестерин ішектің тін жасушаларының өсуіне әсер етеді, ал бұл қатерлі ісіктің пайда болуын жүз есе арттырады екен. Мұны білген кезде абыржып қалдық", - дейді зерттеужетекшісі Питер Тонтоноз.
Енді ғалымдар холестериннің артуы мен қатерлі ісіктің басқа түрлерімен байланысы бар-жоғын анықтамақ.
Қаныққан майлар, трансмайлар және көмірсудың кей түрлері ағзадағы холестеринді арттырады. Осыған байланысты ғалымдар қызыл ет пен сүт өнімдерін пайдалануды азайтуға кеңес береді.