06 ақпан 2018 16:36

Қатерлі ісіктің басты себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© infection-net.ru © infection-net.ru

Шотландиядағы Данди университетінің ғалымдары қатерлі ісіктің басты себебін анықтағанын мәлімдеді. Зерттеудің баспасөз баяны MedicalXpress журналында жарияланды. 


Шотландиядағы Данди университетінің ғалымдары қатерлі ісіктің басты себебін анықтағанын мәлімдеді. Зерттеудің баспасөз баяны MedicalXpress журналында жарияланды. 

Қатерлі ісіктің пайда болу қатері жас ұлғайған сайын арта түседі. Бұл уақыт өткен сайын ДНҚ-ға жасушаның бөлінуіне әкелетін ақаулардың жиналып қалуынан деген тұжырыммен түсіндіріледі. Әдетте қатерлі ісіктің пайда болуына бес-алты мутация жеткілікті. 

Зерттеушілер 18 бен 70 жас аралығындағы қатерлі ісікке шалдыққан екі миллион адамның жағдайына сараптама жасады. Осы арқылы иммунды жүйенің әлсіреуі қатерлі ісіктің пайда болуына қалай әсер ететінін есептеуге мүмкіндік беретін теңеу шығарды. Бұл теңеуді олар тәжірибе жүзінде пайдаланып та көрді. Осылайша, жаңа модель қатерлі ісік қаупін мутацияның жиналу теориясынан жақсырақ анықтауға мүмкіндік беретіні анықталды. 

Ал иммун жүйесінің әлсіреуінің негізгі себебі тимус (айыр безі) қызметінің ақауы, бұл органда T-жасушалары жетіледі. 16 жыл сайын адамның тимусы көлем жағынан кішірейіп, қатерлі ісік жасушаларын жоятын лимфоциттердің бөлінуі азаяды.

Ғалымдардың пайымынша, тимус жұмысын жақсарту қатерлі ісіктің алдына алудың нәтижелі тәсілі болмақ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети