18 қазан 2016 | 18:57

Қазақ-түрік лицейлерінің атауы неліктен өзгеретіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

KATEV халықаралық қоғамдық қорында қазақ-түрік лицейлерінің неліктен атауын өзгерткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

KATEV халықаралық қоғамдық қорында қазақ-түрік лицейлерінің неліктен атауын өзгерткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KATEV президенті Дархана Өтенің сөзінше, лицейлердің ребрендингі саяси қысымнан болған жоқ.

"Көптеген адамдар атауды өзгерту саяси қысымнан болды деген пікірде. Бірақ, бұл олай емес. Біз саясатқа қатысымыз жоқтығын бұрын да айтқанбыз. Оның үстіне ребрендинг біздің өзге мемлекеттермен де, шетелдік ұйымдармен байланысымыз жоқтығын көрсету үшін жасалуда. Біз қандайда бір саяси дауға іліккіміз келмейді, сөйтіп өзіміз де ата-аналарды да алаңдатпай отыруды ойлаймыз. Әрине, саяси дауларға қатысты мектептің де әрекеті бар. Оқиғалар біз үшін ауыр тимес үшін осы қадамға бардық. Біз мұндай дауға қатыспаймыз, қатысқан да емеспіз. Біз тек оқыту мен білім берумен ғана айналысып жатырмыз", - деп түсіндірді Дархан Өте.

KATEV халықаралық қоғамдық қорының президенті ребрендинг туралы бірнеше жыл бұрын ойластырылғанын атап өтті. Сонымен бірге, ҚТЛ аббревиатура үшін емес, білім сапасына байланысты берндке айналғанын айтады ол.

Мұның алдында қазақ-түрік лицейлері атауын "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІ" деп өзгертетіні белгілі болған. KATEV қорының мәліметінше, жаңа атау Қазақстанның 25 жылдығына орайластырылды.

KATEV 1997 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылды. Қор жетекшілігінде 29 қазақ-түрік лицейі, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Тараздағы Жамбыл экономикалық колледжі, "Шахлан" бастауыш мектебі мен "Нұр Орда" халықаралық мектебі бар.

Еске салайық, ҚР-дағы Түркия елшісі Невзат Уянык Қазақстанда Түркия үкіметі ресми қолдайтын оқу орны тек Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті екенін мәлімдеген болатын. "ҚР аумағында жұмыс істеп жатқан және "қазақ-түрік мектептері" атауын қолданып жүрген қалған оқу орындары біздің елдің мемлекеттік органдарына еш қатысы жоқ", - деп мәлімдеді ол.

Алайда, Қазақстанның білім және ғылым министрлігі лицейлерді жабудан бас тартып, оқу орындарының Түркияға қатысы жоғын, ал білім беру саясатын қазақстандық және халықаралық стандарттар негізінде құрып отырғанын айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети