Қазақстан білім беру саласы бойынша ең үздік елдер қатарына кірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан білім беру саласы бойынша ең үздік елдер қатарына кірді Фото Tengrinews.kz/Турар Қазанғапов

US News & World Report нұсқасы бойынша білім беру саласындағы үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 ел ішінен 71-орында тұр. Ranking.kz сарапшылары білім беру саласындағы жұмыспен қамту деңгейін және мұғалімдердің жалақыларын салыстырып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

US News & World Report нұсқасы бойынша білім беру саласындағы үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 ел ішінен 71-орында тұр. Ranking.kz сарапшылары білім беру саласындағы жұмыспен қамту деңгейін және мұғалімдердің жалақыларын салыстырып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылар пікірінше, рейтинг көшбасшылары АҚШ, Ұлыбритания және Германия болды. Білім беру саласы бойынша рейтингте Гватемала - ең соңғы. Рейтингке қатысатын ТМД елдері ішінде Қазақстан тек Өзбекстанды басып озды. Ресей, Украина, Беларусь және Әзірбайжан Қазақстаннан алда болды.

2021 жылдың төртінші тоқсанында білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 219,2 мың теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 24,2 пайызға артық. 

Қазақстанда орташа айлық жалақы 275,6 мың теңгеге жетті, бұл білім беру саласына қарағанда 25,7 пайызға артық.

Сектордағы ең жоғары жалақыны жоғары оқу орны қызметкерлері (299 мың теңге), ең төмен жалақыны мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері (112,6 мың теңге) алады.

Орта білім беру секторында қызметкерлер 246,9 мың теңге, қосалқы білім беру саласында 203,7 мың теңге, бастауыш білім беру мекемелерінде 180,1 мың теңге, білім берудің өзге салаларында қызметкерлер 175,4 мың теңге алады.

Өңірлер бойынша ең көп жалақы алатын елорда қызметкерлері, олар 344,5 мың теңге алады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,7 пайызға артық. Көшбасшылар үштігіне Алматы (265,4 мың теңге) және Алматы облысы (247,4 мың теңге) кірді. Батыс Қазақстан облысында білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы ең аз, 181,7 мың теңге алады.

Былтыр төртінші тоқсанда салада 1,1 миллион адам жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда бір пайызға артық.

Білім беру саласында жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі Түркістан облысында - 142,9 мың адам, жылдық өсім - 3,2 пайыз. Көшбасшы өңірлер үштігіне Алматы облысы (128,6 мың адам) және Алматы (91,2 мың адам) кірді.

Жұмыспен қамтылғандардың ең азы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді, жалпы саны - 35,2 мың адам.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети