Қазақстанда ресейлік екі жоғары оқу орнының филиалдары ашылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
REUTERS© REUTERS©

2022 жылдың күзінде Қазақстанда Ресейдің "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті (Алматы қаласында) мен И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (Атырау қаласында) филиалдары ашылмақ. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2022 жылдың күзінде Қазақстанда Ресейдің "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті (Алматы қаласында) мен И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (Атырау қаласында) филиалдары ашылмақ. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Биыл қазанда жоғары оқу орындары филиалдарының базасында "Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері", "Элементар бөлшектер физикасы және ғарыш физикасы", "Мұнай мен газды іздеу және барлау", "Мұнай және газ кен орындарын игеру, пайдалану және кешенді механикаландыру мен автоматтандыру", "Мұнай және газ тасымалдау" сияқты мамандықтар бойынша кадрларды дайындау басталады. Оған 200 грант бөлінген. Оқу процесіне жетекші ресейлік профессорлар тартылмақ.

"Кәсіби кадрларды даярлау мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда жоғары оқу орындарын әлем елдерінің тәжірибесімен ұштастыру және ынтымақтастық ауқымын кеңейту заманауи білім беру технологияларын кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Техникалық кадрларды дайындау жағынан ресейлік ғылым әлемдегі ең үздіктердің бірі саналады. Сондықтан бұл тәжірибе бізге өте пайдалы", - деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Елімізде ресейлік жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуы қазақстандық жастарға елден шықпай-ақ жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының дипломын алуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы елімізде 2025 жылға дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 5 жаңа филиалын ашу туралы тапсырма берген болатын. 2022 жылы ақпанда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен РФ Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында екі елдің жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы келісімге қол қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro