Қазақстандық ғалымдар мұнай өнімдерінен жасанды қан шығаруға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ҚазҰУ-дің химия факультетінің проффессоры Дмитрий Корулькиннің айтуына қарағанда, қазақстандық дәрігерлер жасанды қанды көп қолданады екен. Алайда, оны шет елдерден сатып алуға мәжбүр.

Профессер әлемде мұнай өнімдерінен жасанды қан шығарудың бірнеше жолы бар екенін айтады. Дегенмен, жасанды қан алу процесінде қазақстандық технология қарапайым әрі тазалығымен ерекшелінеді. Қазақстанға жасанды қан өнімдер тек Қытайдан келеді. Корулькиннің айтуына қарағанда, шет елдерден алынатын жасанды қанның зияны көбірек. Оның құрамында адамды улайтын тіпті есінен тандырып жіберетін зиянды заттар көп.
Негізінен, жасанды қанды медицинада шұғыл жағдайда ғана қолданады. Жасанды қан жарақатынан немесе операциядан кейін көп қан жоғалтқан адамдарға құйылады. Мұндай қан кәдімгі, қарапайым адамның қанындай бола алмайды. Десек те, қиын кезеңдерде ол донор табылғанша адамның өмірін ұзарта алады.
Профессордың айтуына қарағанда, жасанды қанды елімізде мұнай өндіретін зауыттардың шикізаттарынан алуға болады. Оны шығарудың жолы да қиын емес. Қазақстанда жасанды қанды арнайы зерттханаларда шығаруға болады. Егер, алдағы уақытта елімізде жасанды қан шығарылып жатса, онда ол шет елден келетін өнімдерге қарағанда 3-4 есе арзан болады.