Қазақстандық жас ізденушілердің ғылыми жетістіктері таныстырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Жас ғалым 2017" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Алтыншы рет ұйымдастырылған алқалы жиынға 400-ден астам жас дарын жиналды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асанға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Жас ғалым 2017" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Алтыншы рет ұйымдастырылған алқалы жиынға 400-ден астам жас дарын жиналды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асанға сілтеме жасап.

Олардың арасында Қазақстанның барлық аймағындағы орта мектеп пен жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары бар. Сондай-ақ, шараға танымал тарихшылар мен белгілі ғалым-зерттеушілер, Қазақстан, Жапония және Қырғызстанның арнайы білім беру мекемелерінің қызметкерлері де шақырылған.

Конференцияның басты мақсаты - жас ғалымдардың жасампаздық әлеуетін дамыту, оларды заманауи ғылымның маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде тарту, ғылыми білім беру кеңістігін дамыту. Сондай-ақ, жиынның тағы бір көздегені - ізденушілердің өзара байланыс орнатуларына, тәжірибе алмасуларына ықпал жасау. Айта кету керек, бұл орайда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Kids University жобасы іске асырылып жатыр.

Биылғы конференция гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциялары бойынша өткізілді. Аталған секциялар бойынша барлығы 500-ден астам жұмыс келіп түскен.

Шара барысында қазақстандық жас ізденушілердің ғылыми жетістіктерінің көрмесі өткізіліп, отандық және шетелдік ғалымдардың жастарға арналған шеберлік сыныптары жүргізілді.

Конференцияға келіп түскен материалдар негізінде арнайы жинақ шығару көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде еліміздегі ізденуші жастарға, ғылыми жұмыстармен айналысатын ғалымдарға және инновациялық даму стратегиясын жоспарлап, жүзеге асырушылар үшін маңызды теориялық және әдістемелік көмекші құрал болмақ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro