2016 жылдың 27 тамызында Түркия мемлекетінің астанасы Анкара қаласында мега менталды арифметикадан ашық халықаралық "MEMORIAD 2016" чемпионаты өтті. Бұл чемпионатта әлем бойынша 5-12 жас аралығыдығы 213 оқушы қатысқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
2016 жылдың 27 тамызында Түркия мемлекетінің астанасы Анкара қаласында мега менталды арифметикадан ашық халықаралық "MEMORIAD 2016" чемпионаты өтті. Бұл чемпионатта әлем бойынша 5-12 жас аралығыдығы 213 оқушы қатысқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Екі кезеңнен өткен бұл жарыстың бірінші туры "Дыбыстық анзан" және екінші туры "Flash Anzаn", екі турда 0,3 секунд жылдамдығымен ауысатын 30 біртаңбалы саннан бастап, 10 төрттаңбалы санға дейін сандарды ойша есептеу керек. Чемпионатта Қазақстаннан барған 7 оқушы өз бақтарын сынап көрді. Бұл оқушылар Мега Интеллект бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы Elite school мектебінде білім алып жүр.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша, 12 жас аралығында 2-орын - Байжақып Марғұлан; 3-орын - Әділсеитов Әрсен; 5-орын - Пралиева Жібек, 9 жастағылар арасында 3-орын - Қамытбек Дулат; 7 жас аралығында: 2-орын - Байжақып Әлфия; 3-орын - Байжақып Қайнар; 5-орын - Айтқұл Жантөре. Жалпы есепте Қазақстан алғашқы 50-лікке кіріпті. Республикалық олимпиадада абсолют чемпион атанған Байжақып Марғұлан енді мемлекетіміздің намысын 3-11 қараша аралығында Лас Вегаста өтетін олимпиадада қорғайтын болады.
Айта кетейік, Алғаш рет арифметика саласында жетістікке қытайлықтар жеткен. Жергілікті халық осыдан 5 мың жыл бұрын есепшотты (абакус) ойлап тапқан. Ал ментал арифметика білім беру бағдарламасы ретінде 22 жыл бұрын қолға алынған. Жүйе ойша калькулятордан жылдам есептеп, балалардың зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда әлемнің 56 елінде 5 миллионнан астам бала осы тәсілмен білім алады.