Қазақстандықтар отқа ерімейтін қардың видеосын талқылап жатыр. Оттың жылуынан еріп суға айналудың орнына қардан қара түсті күйген із қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандықтар отқа ерімейтін қардың видеосын талқылап жатыр. Оттың жылуынан еріп суға айналудың орнына қардан қара түсті күйген із қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
Желі қолданушылары ерімейтін қар - атмосферада зиян химиялық заттардың шашылғанын, яғни химтрейлдің болғанын дәлелдейді деп сенеді.
Қарды жағу эксперименттері Ресейде, Швецияда, АҚШ пен Италияда түсірілген. Мұндай эксперименттер 2014 жылдан бастап ғаламторда көрсетіле бастады.
Ғалымдар отқа немесе ыстық ауаға жақындатқанда қардың ерімеуі қалыпты құбылыс деп түсіндірді. Бұл қардың құрылымына байланысты. Жағу нәтижесінде күймей қалған бөлшектер қара көміртегі шөгінділеріне айналады. Қардың температурасы төмен болғандықтан толық күйіп кетпейді. Ал оттықпен өртегенде ішіндегі бутанмен көміртегі шөгінділері айтарлықтай айқын байқалады.
2021 жылы Испаниядағы "Филомена" дауылынан кейін "ерімейтін қар" қайтадан танымал бола түсті. Испанияда көп жылдан бергі рекордтық мөлшердегі қар жауды. Көп мөлшерде жауған қарды қызық көрген испаниялықтар қарды жағып қызық көрген. Бұл бастаманы басқа елдер де назардан тыс қалдырмай, экспериментті қайталап көрген.
Ғалымдардың пікірінше қар тығыз болған сайын суды толығымен еру нүктесіне жеткенше сіңіреді. Бұл құбылыс жылу сыйымдылығы деп аталады. Қардың бірнеше секунд ішінде суға айналып кетпеуі - бұл химтрейл теориясының дәлелі емес, тек физика заңының расталуы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!