Қазақстандықтар Ай мен Марс жақындасуын көре алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

2021 жылы 19 ақпанға қараған түні Ай мен Марс бір-біріне жақындайды. Олардың жақындасуын Қазақстанның барлық аумағында көруге болады. Бұл туралы физика-математика ғылымдары докторы Виктор Тейфель мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылы 19 ақпанға қараған түні Ай мен Марс бір-біріне жақындайды. Олардың жақындасуын Қазақстанның барлық аумағында көруге болады. Бұл туралы физика-математика ғылымдары докторы Виктор Тейфель мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл құбылысты Ай көрінетін барлық аймақтан байқауға болады. Ай толғанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен ол барлық жерден көрінеді. Әсіресе, қазақстандықтарға. Ең бастысы ауа райы ашық", - деді астрофизик.

Оның айтуынша, мұндай құбылыс сирек кездесетін астрономиялық оқиға емес. Бұл "жақындасу" Айдың Марсқа физикалық жақындауын білдірмейді, тек жерден қарағанда олар бір-біріне жақын көрінеді. Бұл құбылыс жақында Юпитер мен Сатурн арасында байқалған еді.

"Егер кешкі уақытта шығып, оңтүстік-батыс көкжикке қарасаңыз Айды көресіз. Қараңғы түскенде оның жанынан Марс көрінеді. Құбылыс кешкі уақыттан түн ортасына дейін жалғасады", - деп түсіндірді Виктор Тейфель.

Ғалым бұл құбылыс қалада да айқын көрінетінін айтты.

"Жазық далаға барудың қажеті жоқ. Мысалы, метеориттерге қатысты құбылысты қалада байқау мүмкін емес. Бұл қаладағы жарықтың басымдығына байланысты. Бірақ Ай мен Марстың жақындасуын барлық жерде көруге мүмкіндік бар", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro