MinutePhysics арнасы YouTube видеохостингінде физикалық тұрғыда жетік клон жасаудың мүмкін еместігін түсіндіретін видеосын орналастырды. Заттың нақты көшірмесін жасауға квант заңдылықтары, нақты айтсақ, квант шырмауы - бұрын өзара ықпалдасып, кейін бір-бірінен қашықтықтатылған бөлшектердің қасиеті бөгет болады екен.