12 ақпан 2020 | 10:59

Көлгінов Нұр-Сұлтанда мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешуге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы 10 мың орындық 12 мектепті пайдалануға беру және 12 мың орындық сегіз мектептің құрылысын бастау жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы 10 мың орындық 12 мектепті пайдалануға беру және 12 мың орындық сегіз мектептің құрылысын бастау жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір қалада 115 мектеп пен 182 мың оқушы бар. Халықтың өсуімен қалада әлеуметтік нысандарда жүктеме өсіп жатыр. Қазір сегіз мектеп үш ауысыммен оқиды, 14 - тығыз режимде жұмыс істейді. Үш ауысымды оқытуға байланысты мәселені шешу үшін жылына кемінде 10 оқу орнын салу қажет.

Биыл 12 мектеп және 2021 жылы сонша салынатын болады. Бірінші кезекте мектеп құрылысына арналған орындар анықталды. Бірақ бюджет қаражатына ғана үміт арта беруге болмайды, оқу орындарының құрылысына жеке инвесторларды тартамыз. Аймақтық кеңесте 22 мыңнан аса оқушы орнына жеке инвестициялар есебінен 24 мектеп тұрғызуды қолдады", - деді Нұр-Сұлтан Алтай Көлгінов халықпен есептік кездесу кезінде. 

Әкімнің айтуынша, кешенді жоспар аясында бес жылдық кезеңге 50 мектеп, оның ішінде 60 мың орындық 10 мектеп салу жоспарланған.

Сондай-ақ, ол елордада еңбек етуге қолайлы жағдай жасау үшін мұғалімдер үшін 350 орындық жатақхана салынғанын, оқытушылық кадрларды даярлауға гранттар бөлінетінін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети