24 шілде 2020 09:25

Коронавирус: дәрігерлер қайтыс болғандардың денесінен өзгеріс байқады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Америкалық LSU Health клиникасының патологоанатом мамандары коронавирус жұқтырып, аурудан қайтыс болған адамдардың денесінен ерекше өзгерістер байқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости.


Америкалық LSU Health клиникасының патологоанатом мамандары коронавирус жұқтырып, аурудан қайтыс болған адамдардың денесінен ерекше өзгерістер байқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости.

Медицина ғылымдарының докторы Ричард Вандер Хайденің айтуына қарағанда, дәрігерлер үлкен өзгерістермен қатар, кішігірім өзгерістерді анықтаған. Бұл коронавирус инфекциясының ауыр формасы миокардитке әкеп соғады деген тұжырымға күмән туғызады. Ол COVID-19 кезінде жүректің қалай жарақат алатыны белгісіз екенін, бірақ анықталған деректер аурудың қалай тарайтынын білуге және қажет емді дер кезінде қабылдауға көмектесетінін атап өтті.

Патологоанатомдар SARS-қа қарағанда SARS-CoV-2 жасушаларға енбейтінін анықтады. Медицина ғылымдарының докторы Шэрон Фокс оң жақ қарыншаның ұлғайып, диффузды ұяшық зақымдануы жүрекке ауыр салмақ түсіруі мүмкін екенін атап өтті.

Патологоанатомдар коронавирус жұқтырып, аурудан қайтыс болған 22 адамның денесін тексерді. Олар - 44-79 жас аралығындағы адамдар. Көбінің қан қысымы жоғары, жартысының екінші типтегі диабеті болған. Сондай-ақ, олардың бір бөлігінің артық салмағы болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети