Коронавирусқа байланысты кеңселерде жұмыс қалай өзгеруі мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусқа байланысты кеңселерде жұмыс қалай өзгеруі мүмкін? Сурет: elements.envato.com

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) жұмыс орындарында COVID-19 тарауының алдын алу үшін алдағы уақытта қандай қауіпсіздік шаралары сақталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) жұмыс орындарында COVID-19 тарауының алдын алу үшін алдағы уақытта қандай қауіпсіздік шаралары сақталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін бюросының директоры Ольга Кулаеваның айтуынша, эпидемиядан кейін жұмыс бастаған кезде, лифтіге бір-бірден кіру, қызметкерлер арасындағы кем дегенде екі метр қашықтық сақтау, қызметкерлер бір ғимаратта тоғыспауы үшін үйден және кеңседе кезекпен жұмыс істеу кестесін жасау талабы сақталуы мүмкін. Сонымен қатар, ғимарат ішінде жүру маршруттары шектелуі мүмкін: мысалы, адамдар ғимаратқа бір дәлізден кіреді, басқа жолмен шығады.

"Алдағы жарты жылда не боларын айтар болсақ, мұның бәрі әлі де күшін жоймайды деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Кулаева "Российская газетаға" берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол осы кезеңде еңбек инспекциясын күшейту және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети