26 шілде 2020 09:46

Коронавирусты жылдам анықтайтын құрылғы ойлап табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©NIAID-RML Фото: ©NIAID-RML

Колумбия округіндегі Джордж Вашингтон университетінің ғалымдары науқастардан COVID-19 немесе антидене іздерін дереу анықтай алатын миниатюралық құрылғыны ойлап тапты. Бұл туралы MedicalXpress порталы жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Құрылғы алтын қабатымен жабылған. Ол заттарға газ тәрізді күйде реакция жасап, ол тарататын сәуленің түсін өзгерте алады. Сонымен бірге жасанды интеллект детектордың реакциясын талдап, науқастың қанында қандай зат бар екенін анықтайды.

Іс жүзінде былай: детектордың бетіне коронавирусқа сезімтал реагент жағылады. Вирустың бөлшектері детекторға тигенде, ол жарығын өзгертеді. Ал оны телефон камерасы арқылы көруге болады.

Зерттеушілер болашақта олардың өнертабысы мамандарға COVID-19 жұқтырған науқастардың ауқымды деректер базасын құруға мүмкіндік беретініне сенімді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети