Күн тұтылған кезде Жер бетіне түскен көлеңке ғарыштан көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік "Электро-Л" №2 ғарыш аппараты күн тұтылған кезде жер бетінен өткен көлеңкені суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік "Электро-Л" №2 ғарыш аппараты күн тұтылған кезде жер бетінен өткен көлеңкені суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Динамикалық сурет "Роскосмостың" Twitter-дегі микроблогында жарияланды.

Ал мұның алдында америкалық астронавт Кристофер Кэссиди Халықаралық ғарыш станциясы бортынан төрт сурет түсіріп, оны Twitter-де жариялаған еді. Онда күннің тұтылуынан жер бетіне түскен көлеңкені байқауға болады.

Жерден қарағанда Айдың Күнді толықтай жапқан сақиналы күн тұтылу сәті өткен жексенбіде Орталық Африка Республикасы, Конго, Эфиопия, Пәкістан, Үндістан және Қытай елдерінде байқалған.

Күн тұтылған сәтті қазақстандықтар да байқады, көптеген сурет Желіге жүктелді. Нұр-Сұлтанда бұл сәт 21 маусымдағы сағат 11.30-ге келді. Ең үлкен фазасы 12.35-те байқалды. Ал Алматыда күн тұтылған сәт 11.16-14.06 аралығында байқалды. Ең үлкен фазасы 12.40-та байқалды. Астрономдар күннің сақиналы тұтылуы құбылысын ғасырда 14 рет көруге болатынын айтады. Енді Жер шарының тұрғындары мұндай құбылысты тек 2039 жылы байқай алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети