09 қаңтар 2019 09:37

Курчатовтағы "Ядролық технологиялар паркін" сатып алғысы келетіндер төртінші тендерде де табылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pnt.kz © pnt.kz

Курчатов қаласындағы "Ядролық технологиялар паркіне" тендер төртінші мәрте өткізілмей қалды, - деп хабарлады "Астана" телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, бұл жолы да тендерге қатысушылар табылмапты. Ақпарат Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ресми сайтында жарияланды.


Курчатов қаласындағы "Ядролық технологиялар паркіне" тендер төртінші мәрте өткізілмей қалды, - деп хабарлады "Астана" телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, бұл жолы да тендерге қатысушылар табылмапты. Ақпарат Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Парктің бастапқы құны 6,8 миллиард теңгеге бағаланса, бұл жолғы бағам 4,8 миллиард теңге төңірегінде болды. "РОСТ-service" серіктестігінің дерегінше, парк активтері 5,3 миллиард теңгені құрайды. Конкурс талаптарына сай, үміткерлер ядролық және радиациялық технологиялар саласындағы Парк қызметін үш жыл бойы сақтауы тиіс. Сонымен қатар, жылдық кірісі 131 миллион теңгеден кем болмауы керек.

"Ядролық технологиялар паркі" басқармасының төрағасы Александр Борисенконың хабарлауынша, бұған ресейлік қаржы тобы қызығушылық танытып отыр. Компания өкілдері Курчатовқа арнайы келіп, мұндағы жобалар мен кәсіпорынның мүмкіндігімен танысыпты. Бірақ, саудаға қатыспаған.

"Қожайын өзгеріп, жекенің иелігіне өткесін, мұндағы жұмыс та жандана түсері анық. Егер, мекеме мемлекетке тиесілі болса, жұмыс істеу әлдеқайда қиын. Мемлекеттік сатып алу заңынан бастап, түрлі кедергілерден аяқ алып жүре алмайсыз. Мысалы, өндірісті дамытуға қажет шикізатты конкурс арқылы ғана сатып алуға міндеттісіз. Ал, ол конкурстың тіпті өтпей қалуы да мүмкін. Егер, парк жекенің меншігінде болса, бәрі оңай шешіледі. Келесі конкурста парк бағасы төмендетілуі мүмкін", - деді Александр Борисенко.

"Ядролық технологиялар паркі" ғылыми инвестицияларды дамытып, енгізу мақсатында 2005 жылы құрылды. Кейін парк ғалымдары суды сіңіретін суперабсорбенттерді жасап шығарды. Бұл елдің шөлейтті аймақтарындағы қиындықты шешуі тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети