20 мамыр 2021 | 15:38

Қыздар университеті үздік ЖОО қатарына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті баспасөз қызыметінен Фото: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті баспасөз қызыметінен

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасында сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі нәтижесі бойынша отандық білім ордаларының арасында үздіктер қатарынан көрініп, сегізінші орынға ие болды. Бұл туралы оқу орны баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасында сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі нәтижесі бойынша отандық білім ордаларының арасында үздіктер қатарынан көрініп, сегізінші орынға ие болды. Бұл туралы оқу орны баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылғы ұлттық рейтингті Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR) жүргізген.

Рейтинг барысында адами ресурстарды дамыту деңгейі, жоғары білім беруді интернационализациялау, халықаралық білім беру кеңістігіндегі ЖОО-ның интеграциясы, ғылыми-зерттеулерді дамыту деңгейі, еңбек нарығындағы түлектерге деген сұраныс пен олардың жұмысқа орналасу көрсеткіші сияқты индикаторлар басты назарға алынды.

Қыздар университеті рейтингте 28 774 балл жинап, сегізінші орынды иеленген.

"Бұл - оқу орнының білім беру қызметтері нарығындағы жоғары сұранысқа ие болуы мен бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрінісі. Алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге Қыздар университетінің әлеуеті толығымен жетеді", - деді Жандар Асан.

IAAR рейтингтің басымдыққа ие индикаторлары мен көпфакторлы әдістемесіне сүйене отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарына өз білім беру бағдарламаларының сұраныс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ЖОО-ның сапалы жұмыс істеуіне ықпал етіп, талантты талапкерлерді тартуға және жұмыс берушілер мен бизнес өкілдері үшін жоғары оқу орнының қажеттілігі шеңберін кеңейтуге жол ашады.

IAAR ұлттық рейтингінің бірегей сандық технологиясы еуропалық талаптарға сай және 2 мыңнан аса ҚР білім беру бағдарламалары мен ЖОО-ларының рейтингін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Бұл жоғары оқу орындарын өз қызметінің тиімділігін арттыруға ынталандырады және білім беру ісінің экспорттық әлеуетін көтеруге ықпал етеді. Ал рейтинг білім алушылар үшін тұлғалық қалыптасу мен кәсіби өсуде өз бағытын таңдауда негізгі бағдар болады.

Қазақстандық жоғары оқу орындары рейтингінің қорытындылары IAAR-дың ресми сайтында және "Казахстанская правда" газетінің 2021 жылғы 17 мамырдағы санында жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети