pozovidolbaka.ru
Сыр өңірі аграрлы аймақтан өндірісті өлкенің қатарына қосылып келеді. Осының нәтижесінде жылдан-жылға техникалық мамандарға сұраныс арта түсуде. Осы мақсатта алдағы уақытта өңірде металлургтер дайындау ісіне көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызылорда облысында қазба байлықтар қоры мол. Алайда оларды игеретін жергілікті мамандар тапшылығы айқын аңғарылады. Қазір облыс өміріне геолог, геодезист, картограф, фермер, лаборант, ветеринар, агроном мен гидромелиоратор мамандықтары өте қажет екен. Өкінішке қарай, мұндай мамандықты иеленгендер облысқа келе бермейді. Осындай олқылықтарды болдырмас үшін облыс басшылығының қолдауымен жергілікті Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде металлургия саласына қажетті 5 мамандық бойынша студенттер қабылданады. Сондай-ақ, өңір басшылығы Мәскеу болат және қорытпа институтына дарынды балаларды іріктеуге көңіл бөледі. Былтыр аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өте қажетті мамандыққа жастарды дайындау үшін облыс әкімінің 123 гранты бөлінген еді. Олардың саны биыл 177-ге артты.
Сыр өңірі аграрлы аймақтан өндірісті өлкенің қатарына қосылып келеді. Осының нәтижесінде жылдан-жылға техникалық мамандарға сұраныс арта түсуде. Осы мақсатта алдағы уақытта өңірде металлургтер дайындау ісіне көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облысында қазба байлықтар қоры мол. Алайда оларды игеретін жергілікті мамандар тапшылығы айқын аңғарылады. Қазір облыс өміріне геолог, геодезист, картограф, фермер, лаборант, ветеринар, агроном мен гидромелиоратор мамандықтары өте қажет екен. Өкінішке қарай, мұндай мамандықты иеленгендер облысқа келе бермейді.
Осындай олқылықтарды болдырмас үшін облыс басшылығының қолдауымен жергілікті Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде металлургия саласына қажетті 5 мамандық бойынша студенттер қабылданады. Сондай-ақ, өңір басшылығы Мәскеу болат және қорытпа институтына дарынды балаларды іріктеуге көңіл бөледі. Былтыр аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өте қажетті мамандыққа жастарды дайындау үшін облыс әкімінің 123 гранты бөлінген еді. Олардың саны биыл 177-ге артты.