15 сәуір 2014 | 18:18

Мектеп оқулықтары балаларды шатастырып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото news.nikcity.com сайтынан алынды Фото news.nikcity.com сайтынан алынды

Бүгінде мектеп оқулықтары балаларды қатты шатастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, "Мирас" кеңесі жанынан құрылған оқулықтарды сараптау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Динар Нөкетаеваға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде мектеп оқулықтары балаларды қатты шатастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, "Мирас" кеңесі жанынан құрылған оқулықтарды сараптау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Динар Нөкетаеваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өткен жылы республикалық комиссияның қарауына ұсынылған 1109 оқулықтың 97-сі сараптамадан өтпей қалған. Жыл сайын оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендерінің сапасы жақсарып келеді. Алайда сын-ескертпелер де жоқ емес. Оны 2013-2014 оқу жылына арналған 173 мектеп оқулығын арнайы сараптамадан өткізу жұмысы айқындады. Бұл оқулықтар 1-11 сыныптарды қамтиды. 

"Сараптама барысында 173 оқулықтың 26-сы типтік бағдарламаға сәйкес емес екендігі анықталды. 14 оқулықта тақырыптан ауытқу бар болып шықса, 23 кітап оқу бағдарламасын толық қамти алмады. Жаңа инновациялық технологияларға байланысты оқушының логикалық-интеллектуалдық әлеуетін және шығармашылық белсенділігін дамытуға арналған тапсырмалар мен материалдар енгізілмеген, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру тапсырмалары жоқ. Ондай кемшіліктер 39 оқулықтан табылды. 11 оқулықтың ақпараттары жаңартылмаған. Сондай-ақ химия, физика, информатика, алгебра, геометрия, математика және астрономия пәндері бойынша формула мен реакцияларда қателіктерге жол беріліпті.  Сараптама жасалған 173 оқулықтың 31,2 пайызы, яғни 54 оқу құралы осындай. Ал 8 оқулықта оқушылардың психологиясы мен танымына кері әсер ететін, эмоционалдық тұрақсыздыққа әкеліп соқтыратын мысалдар бар", - деді бүгін "Мирас" қоғамдық кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде Д.Нөкетаева.

Осы орайда жұмыс тобының басшысы нақты мысалдарға да тоқталды. Мәселен, Ақбаева, Лебедева және Бурованың бастауыш сыныптарға жазған оқулығында "бұтақта жеті торғай отырды, үш торғай ұшып кетті, неше торғай қалды?" деп жазылып, соңында тек екі торғайдың суреті ғана берілген. Ондай қателік бірінші сынып оқушысын шатастырады. Сол сияқты 4-сыныпқа арналған математика оқулығында "мәнді" деген сөздің орнына "мәнт" деп жазылған. Сондай-ақ орыс сөздері аудармасыз жиі беріледі. Ал Иманбекова мен Мадиеваның "Алматыкітап" баспасынан 2009 жылы шыққан 2-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығында "шіркеу - Құдайға құлшылық ететін орын" деген түсінік берілген. "Оны нақты жазып, христиан дініндегі ұлттардың Құдайға құлшылық ететін орыны ретінде түсіндіріп, көрсету дұрыс шығар", - дейді Д.Нөкетаева.    

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети