31 наурыз 2014 | 12:11

Мектеп түлектері ЖОО-ға түсу үшін үш рет емтихан тапсыра алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ұлттық тестілеу орталығы 2015 жылға қарай қолға алынатын жоғарғы оқу орнына түсу емтиханына қатысты өзгерістерді түсіндірді. Қазір арнайы құрылған жұмыс тобы емтихан тапсырмаларының түрін, саны мен пәндер тізімін нақтылап жатыр деп хабарлайды Тенгри ФМ радиосы.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық тестілеу орталығы 2015 жылға қарай қолға алынатын жоғарғы оқу орнына түсу емтиханына қатысты өзгерістерді түсіндірді. Қазір арнайы құрылған жұмыс тобы емтихан тапсырмаларының түрін, саны мен пәндер тізімін нақтылап жатыр деп хабарлайды Тенгри ФМ радиосы.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектеп бітірушілер 2015 жылға қарай жоғарғы оқу орнына түсу үшін бөлек емтихан тапсырады деп қарастырылған болатын. Мектеп бітіру мен студент атану үшін түлектер екі мәрте сынақтан өтеді. "Бірінші емтихан сынағына келер болсақ, оны қайта тапсыруға болмайды. Өйткені, ол - орта білімді бағалау емтиханы, оның нәтижесі бойынша аттестат беріледі. Ал жоғарғы оқу орнына түсу емтиханын жыл бойы бірнеше рет тапсыру мүмкіндігі қарастырылуда. Үш рет: қаңтар, наурыз, шілде айларында сынақ тапсыру ұсынылып отыр. Университетке түсу конкурсына түлек осы үш сынақта жинаған ең жоғары нәтижесімен қатысады", - дейді Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Қали Әбдиев.

Қазіргі уақытта арнайы құрылған жұмыс тобы осы екі емтиханда ұсынылатын тапсырмалардың түрін, сұрақтардың саны мен пәндер тізімін нақтылап жатыр. Емтиханның бір сұрағында бұрынғыдай бір емес, бірнеше дұрыс жауап болады. Жоспар бойынша мектеп бітіру сынағына орта білім берудегі негізгі пәндер енгізіледі, ал жоғарғы оқу орнына түсу емтиханы болашақ мамандыққа бейінді пәндер бойынша ғана өтпек. Білім және ғылым министрлігінің жұмыс тобы аталған қос сынақты компьютер арқылы онлайн түрде тапсыру мүмкіндігін де қарастырып отыр. "Бірінші емтиханға қатысушылардың жекелеген топтары үшін қашықтықтан компьютермен тапсыру мүмкіндігі жасалуы ықтимал. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қазірдің өзінде осындай технологиялар енгізіліп жатыр. Ал жалпы, мектептерде мұндай қажеттілік жоқ деп ойлаймын. Университетке түсу сынағында онлайн емтиханды қолдануға болады" - дейді Әбдиев.

Оның айтуынша, талапкерлерді жоғарғы оқу орындарына қабылдау ережесі де біршама өзгеруі мүмкін. Сала мамандары оқу гранттарын үлестіру тәртібін қайта қарап жатыр. Мемлекет есебінен тегін жоғары білім алушылар тізімін құруды министрліктің еншісіне немесе оқу орындарына беру мәселесі шешілетін болады. Айта кетейік, биыл ҰБТ форматы өзгермейді. Маусымның 1-15-і аралығында еліміз бойынша 100 мыңнан астам түлек тест тапсырады.
 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети