Менделеевтің Прериодтық жүйесіне жаңадан төрт химиялық элемент енгізілді. 113, 115, 117 және 118 атом номерлі элементтерді Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағы растады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

115, 117 және 118-ші элементтерді ашу Дубна Бірлескен ядролық зерттеу институты, Калифорниядағы Ливермор ұлттық зертханасы мен Теннессидегі Окридж ұлттық зертханасының ресейлік және америкалық ғалымдарына бұйырды. Ал атомдық номері 113-ші элементті Жапониядағы Жаратылыстану ғылымдары институтының ғалымдары ашты. Бұл элемент осы елдің құрметіне аталды. Басқа элементтерге жаңалықты ашқан ғалымдар алдағы бес ай ішінде атау береді.
Айта кетейік, Менделеевтің периодтық жүйесіне соңғы рет 2011 жылы екі элемент - флеровий мен ливерморий енгізілген еді. Олардың атомдық номерлері 114 және 116 болды.