Микротолқынды пештердің адамзатқа қандай қауіп төндіре алатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Микротолқынды пештердің адамзатқа қандай қауіп төндіре алатыны айтылды Иллюстрациялық сурет © stroi-specialist.ru

Ұлыбританияның Манчестер университетінің ғалымдары микротолқынды пештердің қоршаған ортаға қалай әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияның Манчестер университетінің ғалымдары микротолқынды пештердің қоршаған ортаға қалай әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еуроодақ елдеріндегі АЖЖ (аса жоғары жиілік) немесе микротолқынды пештер жылына 6,8 миллион автокөлікпен теңдей көмірқышқыл диоксидін бөледі екен. Ал мұндай фактор жаһандық жылуға әсер ететіндей күші бар екені айтылады.

Сонымен қатар, ЕО елдеріндегі микротолқынды пештер жылына ірі үш газоэлектр станциясының бір жылда бөлетін қуатын жұмсайды екен.

Зерттеушілер мұндай пештерді утильдеуге қатысты да алаңдаушылық білдірді. "Бүгінгі таңда тұтынушылар ескісі істен шықпай тұрып та жаңа затты сатып алады. Электронды тауарлар мәртебе көрсеткіші болып кеткен. Осыған байланысты қоқысқа өзге заттардан гөрі құралдар көбірек тасталады", - дейді Алехандро Гайего Шмидт.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети