18 қараша 2016 | 13:48

Министрлік 0-сыныптарда оқушыларды пилоттық оқыту бойынша қосымша түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ 0-сыныптарда оқушыларды пилоттық оқыту бойынша қосымша түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР БҒМ 0-сыныптарда оқушыларды пилоттық оқыту бойынша қосымша түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"0-сыныптарды еңгізу ешқандай да жаңалық емес. Елімізде мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды дайындық топтары нысанында 0 сыныптар осы уақытқа дейін жұмыс істеп келді. Мектепалды дайындық топтарында балалар ата-аналардың қалауы бойынша 5 немесе 6 жастан бастап оқыды. Бұл өзгеріссіз қалады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сондай-ақ, 2016 жылдан 1-сынып оқушыларының бірыңғай оқу бағдарламасы, бірыңғай базалық оқулықтармен білім алатыны айтылады. 

"Ата-аналардың пікірінше, мектепалды дайындық тобындағы (0-сынып) балалар да осылай бірыңғай оқу бағдарламаларымен оқытылуы қажет. Себебі, мектепалды дайындық тобында (0 сынып) бірыңғай оқу бағдарламаларымен және бірыңғай базалық оқулықтармен оқымаған балаларға 1 сыныпқа келгенде бірыңғай оқу бағдарламаларын игеру қиындық тудырады. Әлі күнге дейін 1 сыныпқа келген балалардың білім деңгейінде сәйкессіздік байқалады. Кейбірі кітапты еркін оқи алады, сандарды құрай және санай алса, ал кейбірі тек бірқатар әріпті ғана біледі. Балалардың бір деңгейде дайындалмауы салдарынан білім сапасының төмендеуі және оқу процесінің жүйесіздігіне алып келеді. Бұл деген бір бала оқу материалдарын жай қабылдай бастаса, кей балалардың іші пыса бастайды", - делінген түсінікте.

Осыған байланысты мектепалды дайындық тобын 0 сыныптарда дайындау мәселесі ата-аналар мен мұғалімдер үшін өте маңызды болып тұр екен. Еліміз бойынша 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 0-сыныптарға мектепалды дайындықтың бірыңғай оқу бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр.

"ҚР БҒМ 2017 жылдан бастап пилоттық жоба аясында еліміздегі мектепалды дайындық топтарына, білім мекемелеріндегі мектепалды дайындыққа (0-сынып) бірыңғай оқу бағдарламалары мен бірыңғай базалық оқулықтарды енгізу жоспарлануда. Білім саласындағы тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың пікірлерінше, мектепалды дайындықтан бастап балалар "Әліппені" ("Букварь") меңгерулері қажет. 5-6 жастағы балаларға үшін "Әліппені" ("Букварь") үйрету жүктемесі қазіргідей үш айдың ғана көлемінде жүргізілмей, оқу жылы барысында меңгеруге бағытталатын болады.

"Балалар әріптерді тануға, буындап оқуға, тыңдалған дыбыстық сөздерге талдау жасауға үйренетін болады. 1-сыныптан бастап жазуға үйрету басталады. Өйткені 5-6 жастағы балалардың ұсақ моторикаларды жазу үшін жеткілікті деңгейде дамымаған. Халықаралық тәжірибелерді зерттеп, бұл елдердің де осы жолды таңдағандарын көруге болады", - дейді ведомство өкілдері.

Мысалы, айтуларынша, Беларусьте "Әліппе" 2-5 жастағы бөбектер үшін шығарылған. "Әліппенің" ерекшелігі - әрбір әріпке сәйкесінше қайталанбас образдар берілген, осыған орай балалар әріптерді ынтасымен үйреніп, өзара ұқсас әріптерді алмастырып алмайды. Ресейде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін электронды "Әліппе" жасалған. Балалар дауысты және дауыссыз дыбыстар мен екпіндермен, буындармен және сөз тіркестерімен ойын түрінде танысады. Қазіргі таңда ҚР БҒМ 5-6 жастағы мектепалды дайындық балалары үшін интерактивті технологиялар негізінде балалардың қабылдауына ыңғайлы "Әліппе" ("Букварь") оқулығын әзірлеуді бастады", - делінген БҒМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети