Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экономикалық кеңесі 2013 жылғы қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі байқаудың жеңімпаздарын жария етті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қызмет көрсету» аталымы бойынша ғылыми табыстары үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының лауреаты атанды. Бүгін Минскіде ТМД Атқарушы комитетінің атқарушы хатшысы Сергей Лебедев Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовқа арнайы диплом мен сыйлықты табыс етті.

Жеңімпаздарды Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан секілді ТМД-ға мүше он бір мемлекеттің үкімет жетекшілері анықтады.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі сыйлығы байқауы екі жылда бір рет конкурстық негізде өткізіледі, оның ішінен бірнеше мәрте сараптаудан, үздіктер арасындағы сүзгіден өткендер ғана марапатталады. ТМД елдері экономикалық кеңесінің сыйлығы ұйымға мүше мемлекеттердің кәсіпорындары өндіретін өнімдер мен жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын және жаңа экономикалық жағынан тиімді инновациялық жобаларды бағалау үшін ұйымдастырылып келеді.